Смартфон аккумуляторын 15 минут ішінде ұзақ уақытқа жететіндей етіп қуаттауға бола ма? Қытайдың «Oppo» компаниясы  «Super VOOC» технологиясы арқылы осындай мүмкіндік жасады.

Олар келтірген  мәлімет бойынша, жаңа құрылғы арқылы аккумуляторды 15 минутта 10 сағат сөйлесуге жететіндей етіп қуаттау мүмкіндігі туған. Смартфон біз білетін кәдімгі  USB жалғағышымен қуатталады. Сонымен қатар,  технология 5 вольттік қуат импульсінің алгоритміне негізделіпті.Аккумулятордың қатты қызып кетпеуін қамтамасыз етеді.Бұл технология түрлендірілген аккумулятордан, жаңа адаптерден, кабель мен коннектордан тұрады. Аталмыш  жаңа ойлап табылған  технология смартфонды 35 минут ішінде 80 пайызға дейін қуаттайтын Qualcomm –ның «Quick Charge» 3.0 жүйесінен де жоғары мүмкіндікке ие.
Дереккөз:  «Вести.Ru»

«Алауинформ»

.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here