Байқауға өтініш қалдырушылар назарына..!

2
1 974 рет оқылды

 Оқырмандардан порталымызда жариялаған байқауға қатысты сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай, жолданған  сауалдарды есекере отырып, біз  байқау барысы туралы ақпарат бере отырғанды жөн деп таптық.

«Орамал таққан асылым» атты байқаудың басты мақсаты орамал арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, үлгілі қазақ әйелінің образын анықтау. Орамал- нәзік жандылардың басындағы байрақ. Ол байрақ келін атанғанда бір әулиеттің атынан аманат ретінде табыс етіледі. «Ұлттық құндылық» деген тіркесті ауызбен айту- оңай, ал оны іс жүзінде дәріптеу-басқа шаруа. Орамал жараспайтын сырғалым жоқ. Себебі ол-нәзіктіктің симолы. Осы нәзіктіктің сиволына бір ауық қазақ көзімен қарау мақсатында біз аталмыш шараны өткізіп отырмыз. Әзірге байқауға қатысу туралы өтініштер қабылданып жатыр. Өтініш негізінде тіркелген почтаға біз салт-дәстүрге қатысты сауалдар (тест сұрақтарын) жолдайтын боламыз. Өтініш беруші сұрақ жауаптарын белгілеп, өзінің орамал тағып түскен суретімен қоса бізге жолдайды. Осы іріктеуден өткен қатысушылар сахналық байқауда сынға түседі. Кешенді дәстүр –салтымызға қатысты сұрақтардың жауабын фольклорист мамандар бағалайды. Сұрақты жолдаған сәттен бастап жауап алу мерзімінің жылдамдығы да шараға қатысушыға ұпай қосады.  Сахналық байқауға қатысушылар ІІІ кезеңнен тұратын сайысқа түседі:

І-кезең: Сахнада өзін- өзі таныстыру

ІІ-кезең:  Өнер арқылы орамалды дәріптеу (Кез келген өнер арқылы сіз орамалдың қазақ әйелдерінің  өмірінің айнасы бола алғандығын дәлелдеп беруіңіз керек. Көркемсөз, қойылым, ән, көркемсурет- өнердің тілімен орамалдың парқын түсіндіре алуыңыз маңызды.)

ІІІ-кезең: Орамалдың сәндік үлгісі (Орамал тартудың да сан түрлі үлгісі бар. Соңғы сәндік үлгідегі орамал тартуды, немесе елді елең еткізетін орамал тағу үлгісін білсеңіз, жеңіске жетуіңіз  бек мүмкін)

Жеңімпаз  атанатын «орамалды асылды» қазылар алқасы анықтайды. «Мен сыйға тартқан орамал» клубы бұл шараның ұйымдастырушысы һәм идея авторы болып саналады.

Байқауға ұлтын құрметтейтін, оның салты мен дәстүрін өз болмысына сіңірген қырық жасқа дейінгі қыз-келіншектер қатыса алады.

«Алауинформ»

2 ПІКІРЛЕР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here