Адамның жасы жәй ғана сан. Бірақ жас өскен сайын басыңқы, тәжірибелі, салмақты бола бересің. Сондықтан әр сәтті бағалау керек!

Бақыт деген жаныңда
Адам тым көп уақытын айналадағы адамдардың мақұлдауы мен қолдауына ие болуға жұмсайды. Айналып келгенде іздеген жоғын таба алмай, сарсылады. Жан дүниеңе терең үңіл.

Әр нәрсеге алғыс айт
Жақсылық үшін де, жамандық үшін де, күйініш үшін де. Өмір өздігінен таңғажайып сый! Ал, ләззат алу мен қайғы шегу — жүріп өтер жолдың бір бөлігі.

Айналаға басқа көзбен қараңыз
Сонда өмір өзі-ақ өзгереді. Егер қорқыныш, ашу, реніш, өкпе сезінсеңіз, онда бұл жағдайға басқа қырынан қарап көріңіз. Өзіңе адал бола тұрып өзгелерді бақытты ету мүмкін емес. Бірақ тәуекелге бел буып, ешкім түсінбейтін қылық таныту дегеніңіз сүйікті болып, өз меніңнен бас тартқаннан артық.

Қоршаған орта — айна сынды
Өзгенің бойынан жақсы көрген қылығымыз өз болмысымыздағы жақсы көрген қасиеттер. Өзгенің бойындағы ұнамсыз әрекет, өзіміздің де сондай ерсі қылықтарымызды саралау қажеттігін білдіреді.

Әр адам өз мақсатымен келеді.
Біздің өмірге келген әр адам өз мақсатымен келеді. Ал, олардан сабақ алуды немесе алмауды өзіміз шешеміз. Ол адамның біздің өміріміздегі рөлі қаншалықты нашар болса, оның берер сабағы соншалықты терең. Жақсылап түйіп алу керек.

Сеніңіз
Ең ауыр сәттерде ғалам өзі арқасын тосып, аман сақтап қалатынын біліп жүріңіз.

Жүрекке жақын қабылдамаңыз
Өзге адамның әрекеті- оның өмірінде не болып жатқанының айнасы. Ереже бойынша оның сізге еш қатысы жоқ.

Табиғат емдейді
Таза ауадағы серуен, тамаша табиғат көріністері қажетсіз, бекер ойдан әдемі арылтады. Өмірге деген құштарлықты оятып, көңіл-күйді көтереді.

Өзгеге ренжіген адам басқаларды да ренжіткіш келеді.
Сонда да оларды жақсы көріңіз. Сізге ара-қашықтық сақтап жақсы көруге ешкім тыйым салмайды ғой.

Айығу үшін бәрін сезіну керек. Қорқыныш пен әлсіздіктеріңізді алдыңызға қойып, оларға күн сәулесін түсіріңіз. Олардан құтылудың бір ғана амалы, олардың өн бойынан өту. Шындыққа тура қарау. Келешекте әсері мол әдіс.

Перфекционизм деген елес. Өте ауыр нәрсе. Босаңсып үйрену керек. Жетістікке ұмтылу керек. Бірақ алдымен өзіңізге қателік жасауға жол беріңіз. Нәтиженің қандай боларына қарамастан бақытты болуды үйреніңіз.

Көздегі тұмылдырықты шешіңіз
Тек өзіңіздің мақсатыңыз бен тілектеріңізді ғана ойлай бермеңіз. Олай етсеңіз, өмірдің ғажабы мен айналадағы асыл жандардың жылуынан құр қаласыз. Көзіңізді айқара ашып қарасаңыз, әлемнің кереметі көп екенін байқайсыз.

Жеңістеріңізді тойлаңыз
Көзге көрінбейтін, титтей жетістікті де назардан тыс қалдырмаңыз! Бәріне мән беріп, лайықты атап өтіңіз!

Кешіре біл!
Кешірім деген сені ренжіткен адамға емес, өзіңе керегірек. Кешіре білген адам жан тыныштығы мен рух азаттығын сезінеді. Сен өресі биік адам болуға лайықтысың! Тез әрі оңай кешіріп үйрен!

Түйсікті тыңда!
Егер бір сәт тоқтап, дем алмастан жүрегіңді тыңдасаң, ішкі даналықтың дауысын естуге болады. Жүректің үнсіз сыбырын естіңіз! Ол хақтың жолын анық көрсетеді.

Жаныңыз ән салсын!
Шынайы бол! Әлемді шарқ ұрып қанша кезсең де, сен жалғызсың! Сендей адам жоқ! Шын өмір сүр, кеуде кере дем ал! Мақсатты бағындыр!

Біз тағдыр жасаушымыз
Рас қой! Сенім, талап, жігер мен қайрат бар жерде, бәрі мүмкін! Осыны ұмытпа!

Шуақ шашқан сәуле!
Әр адам шуақ шашады. Сен де шұғыла шашып тұрасың! Кей адам өз шуағына көлеңкесін түсіріп тұрады. Өзгенің күні бол! Оларға ақ жол көрсет!

Көп қиналма!
Бәрібір адам түбінде өледі. Жымиып жүр. Кейде өзіңе ақымақ болуға мүмкіндік бер! Сабақты инені сәтімен пайдалан! Өмірде ойынға да орын бар екенін ескеріп жүр!

Жаныңнан тек қолдайтын және жақсы көретін адамдар ғана табылсын .
Өзің де оларды жақсы көр, қолда. Өмір тым қысқа!

Өмірде еркін билеп үйреніңіз
Асқақ арманың болса, соңына түс! Бірақ өмірдің ағымынан қалмай, аяқты ақырын басып, қашықтық сақтай отырып, сабырлы қалпыңнан айнымай, биігіңді бағындыр!

Неғұрлым көп бөліссең, соғұрлым еселеп аласың
Даналықпен, махаббатпен, дарыныңмен бөліс! Қолдағыны оңай беру керек! Сонда өмірден қаншама кереметтер қайтатынына көз жеткізесіз!

Өзіңді бүтіндей таратып берме !
Егер ішкі жан дүниең тегіс тоналса, берерің қалмас. Жүйелеп отыру шарт.

Көз қуантқан нәрсенің барлығына «Иә!» деп жауап қатыңыз. Қызықтырмаған, уақыт алатын дүниеге «Жоқ!» деңіз. Уақыт – қайтып айналып келмейтін құны жоқ байлық. Ақылға салып жұмса!

Кейде достық ескіреді
Бұл сенің, я достарыңның жамандығынан емес. Тек жолайрыққа келдік деген сөз. Оларды жүректе сақта. Ренжітіп, етегіңнен төмен тартса, онда ара-қатынасты азайтып, достықты еркіне жіберу керек.

Қорқыныш — өмірден нені қалайтынымызды, адамға не керегін дәл анықтайтын көрсеткіш.
Қорқынышты бағдар айқындаушы етіп ал. Оның жетегінде кетсең, көп нәрсеге көзіңді ашасың. Үрейін жеңу әркімнің өзі үшін жасай алатын ең маңызды жақсылығы. Үрейін жеңген адам қолынан бәрі келетінін сезінеді. Өзіңе деген сенімнің қайнар бұлағы осы.

Адам тәні — арманға жеткізер тасымал құралы
Денеңді жақсы көр. Қамқорлық таныт. Сонда өзіңді қуатты әрі жігерлі сезінесің. Бірақ бұл айнаның алдынан шықпай қал деген сөз емес. Сыртқы әлпет субъективті. Уақыт өте келе адам өзгереді. Ең бастысы өз денеңде өзіңді ыңғайлы әрі көркем сезіну.

Ет жақындарыңа жақсы көретініңді білдіріп жүр
Жақсы көру артық етпейді. Олар үшін жандарында болуың, уақыт бөлуің, жақсы көретініңді сездіру – ең құнды сый.

Бүгінмен өмір сүр
Бүгін деген қолда бар бақыт. Өткеннің қателігінен сабақ ал. Ыстық естеліктерді еске түсір. Бірақ оларды аңсай берме, еркіне қоя бер. Келешек туралы арманда. Тек құр қиялға берілме. Бүгініңді бағала.

Өмір — сүріну мен қайтып тұрудың кезегі
Адам бойындағы бар қуатын толық ашу үшін екеуі де керек. Тақымды қаттырақ қысып, желге қарсы шабудан үрікпе.

Нәсілдің нәсілден артықшылығы жоқ. Адам белгілі бір биікке көтерілгенде нені, қалай дұрыс жасау керектігін іштей ұғынады. Келесі жолы басқа біреудің санасы пісіп, жетіледі.

Қолда бардың қадірін біл
Күн сайын барыңа шүкірлік ет. Сол ынсап арқылы айналаңа бақ-береке дарыған, сезімі қайнаған, денсаулығы мықты, жетістікке бастар кеңістік қалыптастырасың.

Ғаламның кіндігі -өзің
Кейде адам өзін осылай сезінеді. Бұл артық ой. Айналадағы адамдарға, әлемге бір қарап қой. Олардан көп жаңалық пен ғажап дүниелерді біле аласың. Әлемге махаббат, шат күлкі мен жан жылуы қажет.

Өзіңе өзің данасың
Өмірдің көбі жұрттың саған жетістікке жету үшін не істеу керек, не ақылға жүгініп, қалай ойлау маңызды екендігін тыңдаумен өтеді. Әркімге сене берме. Өзің үшін өзің ойлан. Кедергіні бұзып-жар. Өзгенің сенен күткенін жасауды доғарсаң, ішкі түйсікке жол ашасың. Өзіңді бақытты сезінесің.

Аударған Шынар Әбілдә

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here