Заң Парламент қараған соң, қазақ тіліне аударылады

Қазан 21, 2017
5
3 011 рет оқылды

 

Қазақ тілі мемлекеттік тіл деңгейіне сай өрісін кеңейтуі үшін әлбетте еліміздің жүйелерінің жұмысын реттейтін заңдардың кем дегенде жартысы өз тілімізде  әзірленуі шарт.  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақ Үкіметі мемлекеттік тілдің бекіп, конституциялық статусына сай қанат жаюын қамтамасыз етуге қауқарсыз. Қазақ тілінің іс жүзінде мемлекеттік тіл дәрежесіне жетуіне не кедергі?

тазаш

Іс жүзінде елдің барлық органдарының құзыреті мен өкілеттігін реттейтін Заң- түрлі нормативтік актілер. Сол заңдар мен актілер жобаларының басым көпшілігі  Үкімет комитеттері мен департаментірінде дайындалатынын ескеру керек. Заң дайындаудағы бастамашылдық негізінен аталмыш органдар иелігінде.

Өкінішке орай, осы күнге дейін «Қазақ» атқарушы органымен мен сол жерде қызметтегі «қазақ» шенеуніктері қазақ тілді заңдар жасауға ниетсіз болып шықты.

Барлық нормативті актілер жобалары алдымен орыс тілінде әзірленіп, тек Парламентте бекітілгеннен кейін ғана қазақ тіліне тәржімаланады. Ол аудармалардың сапасы қандай екені өз алдына бір төбе мәселе. Олардың мәтіндерін шын мағынасына сай тәржімалау алдағы тұрған проблема.

         Қазақ тілінде заң жобаларын дайындау ісінде осы уақытқа дейін Парламент те пәрмендік танытпады.  Депутаттық корпустың араласуымен бірнеше жоба ғана жүзеге асты.

Мемлекеттік тілде әзірленген алғашқы заң жобасының авторы Әкім Ысқақ бастамашы болған “Көші-қон туралы” Заң болса, одан кейін  марқұм Фариза Оңғарсынованың ұйымдастыруымен “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы” Заңы, 2014 жылы Мәжілістің бесінші шақырылымының бірнеше депутаттары бастауымен «ҚР мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы еді.

Егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойын атап өту алдында тұрған мемлекет үшін бұл қасіретті жағдай. Бұған дейін қабылданған мыңдаған нормалардың ішінде түкке тұрғысыз көрсеткіш.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының  аясында  осы мәселе жіті назарда. Партия атынан Мәжіліс додасына түсіп отырған кандидаттар және  белсенділер нақты ұсыныстарды пысықтау үстінде. ЖСДП бастауымен  Кәсіподақтар мен еңбекшілер құқығы, Зейнетақы реформасы, Саяси реформа, Жастар саясаты және Экономикалық дағдарысты еңсеру тектес көптеген заң жобаларының  баламалары талқылануда. Партияның болашақ Мәжіліс қабырғасындағы фракциясы елдің әлеуетін арттырар заңдардың біршамасының мемлекеттік тілде дайындалуына зор үлес қосарына сенімдімін. Тіліміздің іс жүзінде мемлекеттік тіл дәрежесіне жеткізейік!

Cәмбетбай

Тазабек Сәмбетбай

ЖСДП атынан

Мәжіліс депутаттығына үміткер

5 ПІКІРЛЕР

  1. Иә рас айтады социал-демократтар қазақ тілін шын мемлекеттік деңгейге жеткізу шарт!

  2. Осылар өтсе екен шынында солай ете алса, бұлар да өтіп алғанша қатырамыз деп қатырып кетпесе…

  3. Бұл ақпандағы ақпар ғой, қазіргі нәтиже нендей! Елім деп егілген намысының алауы бар әр азамат ЖСДП-ны жалау еткені жөн ғой! Қайдам, бюджет қызметіндегілердің барлығын «НұрОтан» «ендеп-түгендеп-көгендеп» қойған. «Жас Отан», «Жас ұлан» мен «жас қырандары» бір белдің шаңын бір белге қосып тартып барады. 25 жылдық тауарих – солардікі. Бетегеден биік, жусаннан аласа, өзімізге далбаса-дәмесі көзайым болғанымен, әзірге «сент тимесең мен тиме бадырақкөз» партиямызды «мешелбала» қалпында қалдырмай сүйеп жіберген ләзім. Әй, құдай-ай, десейші, жетім қозы қай саулықтың басын ұстасаң соны емеді – қаражаты қайдан келмек?!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ