… Бәлкім біреу білер, біреу білмес, 11 қыркүйекте америкалық егіз ғимаратты шабуылдар күні сонда орналасқан ірі компанияның басшысы жұмысқа кешігіп келген, себебі өмірінде бірінші рет баласын балабақшаға өзі апарған екен.

егиз гимарат

Тағы бір жігіт бәліштерге бару кезегі келіп, далаға шыққанда, аман қалған.

Бір әйел оятқышы істемегеннен ұйықтап қалған.

Біреулер Нью-Джерси тас жолында кептелісте тұрып кешіккен.

Бір адам жәй ғана автобусқа кешігіпті.

Бір әйел таңертең үстіне кофе төгіп алып, қайтып киінуге тура келген соң жұмысқа кешіккен.

Біреудің көлігі оталмай қалған.

Бір адам телефон қоңырауына жауап беру үшін үйге қайтып кірген.

Тағы біреудің баласы жылап, тұрғысы келмей, жұмыстан қалған.

Ал, біреу такси ұстай алмай әлектенумен кешіккен…

Аса қызықты жайттың бірі, бір ер кісі жаңа аяқ киім сатып алған екен. Түрлі көлікке мініп, жаяу көп жүріп, аяғын жаңа аяқ киімі қысып, қажаған, жара болғандықтан, жолай дәріханаға пластырь алу үшін кіріп, аман қалған.

Соңғы кездері кептелісте тұрғанда, лифтіге үлгермей қалғанда сабырлы болуға тырысам, телефон шырылдап жатса, жауап беріп шығам. Осындай жүйкені тоздырар ұсақ-түйек орын алған кезде ішімнен Алла мені дәл осы шақта бір жаманаттан сақтандырып жатқан шығар деп ойлаймын. Келесіде бүгін күн ауыр болды деп ойламас бұрын өзіңізді сабырға шақырыңыз. Кілтіңіз табылмай, әр бағдаршамда қызыл жанып, ұзақ тұрсаңыз, қапа болмаңыз, Алла сізді сіз ойламаған бәле-жаладан, табиғат апатынан, түрлі жамандықтан сақтап тұр деп біліңіз…

Аударған Шынар Әбілдә

«Алауинформ»

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here