Аса құпия                                                               48 сағатта қайтарылуы тиіс

Шифрланған (құпия құжат осылай жөнелтілетін)

Алматыдан 1937 ж. 1. ХІІ.  сағ. 18-30-да жөнелтілген

1937 ж. 1. ХІІ. сағ. 22-де шифр шешілген

Кіріс құжаттың нөмірі: 2748/ ІІІ

1937 жылдың желтоқсан айының бірінде Сталинге Алматыдан жолданған құпия хат.  Хатта: «Бізге бірінші категория бойынша 8 мың, екінші категория бойынша 8 мың антисоветтік элементтерді репрессиялауға құқық берілді. Бұл лимит толық пайдаланылып, 1600 адамға асыра орындалды. Қалғанын толық жою үшін екі категория бойынша тағы да 1600 адамды репрессиялауға рұқсат етуіңізді сұраймыз»  деп соңына Левон Мирзоян  қол қойған.

1937 ж. 2. ХІІ. сағ. 10-36-да  шифры шешілген құжат 5 данамен басылған.

Дереккөз: «Ресей империясындағы арпалыс»

Көбік сөзде құнар жоқ. Біздің тарихымыздағы орын алған қадау-қадау оқиғаларды көбік сөзбен емес, нақты тарихи деректермен көрсету- әлдеқайда әсерлі һәм нанымды болмақ. Тарихи тұлғаларды екі топқа бөлініп алып даттауға да, жақтауға да болады. Бірақ құжат-қаққан қазық. Біз сол қазыққа қарап бағдар түзеуге бейілдіміз.

Р.S: «Алауинформ» алдағы уақытта да қазақ ұлты үшін маңызды құжаттарды оқырман назарына ұсынады.

«Алауинформ»

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here