Ресей  Федерациясы Қазақстанға әскери айқас(полигон) алаңының  әр гектары үшін $2,33 жалдамалы ақы төлейді.  Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров мәлімдеді. Екі жақты келісім күші 2019-2020 жылдарға дейін жарамды. Өз мәлімдемесінде О. Сапаров төрт айқас алаңының жыл сайынғы жалдамалы ақысы  24 млн долларды құрайтынын айтып өткен. Бұл бағам 1995 жылы бекітілген. Содан бері қазақ жерінің құны  өспеген. Үй салу үшін жер телімін сатып алатын қазақстандық азаматтар  1995 жылдан бері елімізде жердің құнының қаншалықты өскендігінен хабары бар болар.

«Алауинформ»

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here