Шымкенттіктердің шамына тиетін бейнебаян

9
8 198 рет оқылды

Баян Есентаеваның іскрлігі мен шоу бизнестегі табысты еңбегін жоққа шығара алмаймыз. Ол халықтың көзайымына айнала білді. Оны үлгі тұтатын, оған еліктейтін бұрымдылар аз емес. Бірақ даңқты продюсер даңғаза дүниелерді ұсына бастапты. Алдымен әлеуметтік желіде 1000 долларды бәске тікті. Ал халық назарына ұсынған мына бейнебаян Баянға абырой алып бермесі анық. «Гүл әпше» деп аталатын «Алау» тобының жаңа туындысын тыңдарман тосырқай қабылдады. Мұнда тұнық өнерге қарағанда, тойдан табыс табу көзделгені анық аңғарылады. Әншілердің Оңтүстік өңір қазақтарын келекеге айналдырып тұрғанын, не мақтауын асырып билегенін түсіне алмадық. Әнде қазақ тілі шұбарланған. Тұтас бір тармаққа бөгде тіл  еніп кеткен. Қазақ руханияты «сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел»  дейтін сәтті әлі ұзақ уақыт күтетін секілді. Қазақ тілінің мәселесіне енді қазақ құлағының мәселесі қосылды. Құлағының құрышы қанып көрмеген елдің ендігі тағдырын бажайлаудың өзі қиын шығар. Ол рас, бір елдің есер ән тыңдағанын Есентаевамен өлшеу- әбестік. Бірақ, «әннің де естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағын тесері бар. Ал біздің қоғамда құлақ тесетін ән көп қой. Бір ауызыңызда төрт тіл (қазақ, орыс, ағылшын, қытай), құлағыңыз тесік. Енді өзіңіздің рухани жағдайыңызды көз алдыңызға елестетіп көріңіз.

«Алауинформ»

9 ПІКІРЛЕР

  1. Мына посттың авторы кім екен? Кім болса да комплекске толы адам екен. Өзім шымкенттік болсам да, бұл әннен ешқандай теріс әсер алмадым. «Әпше» – деген сөзбен оңтүстіктерді мазақ қылды дей ма, түсінбедім?

  2. Ия сазы да керемет. Позитив əн. Əрине, бір тармақ орысшаны қыстырудың қажеті жоқ еді. Ал енді шымкенттіктердің шамына тиетіндей ештеңе жоқ. Пост авторы неге бүкіл Шымкент үшін жауап беріп, арандатушылық туғызып отыр. Теріс ойы ап-анық көрініп тұр.

  3. Бул əнен еш мазак корип турганым жок ,болмайтын жерге жабысып алатындарыныз не?конилди əн Баян Максаткызына ризамын ол кисинин казак эстрадасына коп енбекги тиди,Жарайсыз Баян ханым Биз сизди аркашанда колдаймыз!!!

  4. Керемет əн,керемет орындау,ешқандай артық кеткен ,біреулердің жынына тиетіндей ешнəрсе көріп тұрғаным жоқ. Жарайсыңдар,жігіттер!!! Жарайсың,Баян!!!

  5. Жаксы ан. Огаш ештемеси жок.маган унады. Марина магделенагада билегенде Гулапшеге неге билемеске)).

  6. Автормен толықтай келісемін. Бұл ән келеке ету деп түсіндім. Әңгіме комплексте еместігіне көзім жетері анық. Баян керемет туындыларды шығара алатын ақылды әйел. Бірақ аталған туынды көңіліме жақпады, әрине менің жеке пікірім.

  7. Мына бейнебаяннан жеке өзім мəн.мағына көріп тұрғаным жоқ Баян əпше сіз ренжімеңіз бірақ неге соңғы кезде сапасыз дүниелер шығарып жатсыздар?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ